«Sana квест» байқауының ережелері
1. Жалпы ережелер
1.1. Байқау 2025 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 31 шілдені қоса алғандағы кезеңде өтеді.
1.2. Байқау бір кезеңде өткізіледі:
1.2.1. Квестке қатысу үшін өтінім берудің қажеті жоқ. 2025 жылғы 1 шілдеден 31 шілдеге дейінгі кезеңде жарамды абонементі бар
Sana Sport отбасылық спорт кешенінің балалары автоматты түрде қатысушы болады.
Нәтижелерді жеке кабинеттен
https://cabinet.sanasport.kz/login/ сайтында немесе
Sana Sport кешенінің бірінші қабатындағы терминалдан көруге болады.
16 шілдеде жарты айлық нәтиже, ал 1 тамызда финалдық нәтиже жарияланады. Ең үздік 10 қатысушының нәтижесі терминалда көрсетіледі.
1.2.2. 2025 жылғы 1 тамызда байқаудың қорытындысы шығарылады. Нәтиже терминалға және Instagram парақшасына жарияланады:
https://www.instagram.com/sanasportkz/.
Ай бойы рейтингті қарау мүмкіндігі ашық болады.
1.3. Жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылғы 6 тамызда өтеді.
1.4. Қатысушылар байқауға қатысты сұрақтар бойынша әкімшілікке немесе сату бөліміне жүгініп, кеңес, түсініктеме және техникалық қолдау ала алады.
2. Бағалау критерийлері
2.1. Sana квест қатысушыларының рейтингі 9 критерий бойынша қалыптасады:
2.1.1. Жаттығуларға/сабақтарға қатысу – қатысушы жаттығу күні өзінің білезігі арқылы турникеттен өткен кезде ұпай есептеледі;
2.1.2. Белсенді абонементті жеке кабинет арқылы ұзарту (
https://cabinet.sanasport.kz/login/)
Жеке кабинетке кіру нұсқаулығы:Ø Сайтымызға кіріңіз;
Ø Жоғарғы мәзірден «Жеке кабинет» батырмасын басыңыз;
Ø Ата-ананың телефон нөмірі мен құпиясөзді енгізіңіз;
Ø Егер сіз әлі құпиясөз жасамаған болсаңыз немесе оны ұмытқан болсаңыз — «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» батырмасын басыңыз;
Ø Телефон нөміріңізді енгізіңіз — SMS арқылы код келеді;
Ø Кодты және жаңа құпиясөзді екі рет енгізіңіз;
Назар аударыңыз, телефон нөмірі біздің дерекқорда тіркелген және балаңыздың абонементіне байланған болуы қажет. Егер SMS келмесе, орталыққа тіркелу кезінде басқа нөмір көрсетілген болуы мүмкін. Бұл жағдайда әкімшіге хабарласыңыз.
Ø Жеке кабинетке кіргеннен кейін абонементті ұзарту қызметі қолжетімді болады — қажетті абонементті таңдаңыз және Kaspi арқылы төлеңіз;
Ø Төлемнен кейін браузерге оралып, ұзартудың сәтті өткеніне көз жеткізіңіз;
WhatsApp нөміріңізге растайтын хабарлама жіберіледі.
2.1.3. «Досыңды алып кел» критерийі бойынша ұпай досыңыз жаңа абонемент сатып аларда сіздің атыңызды айтқан жағдайда ғана есептеледі.
2.2. Бағалау келесі түрде жүзеге асады:
🔹 Жаттығуға/сабаққа қатысу:
+10 балл;🔹 Мереке күндері жаттығуға/сабаққа қатысу:
+20 балл;🔹 Сабақты өткізіп алу:
-20 балл;🔹 Мереке күндері жаттығуды/сабақты жіберіп алу:
-30 балл;🔹 Абонементтер үшін:
+20 балл;🔹 Жеке кабинетке тіркелу:
+50 балл;🔹 Жеке кабинетте абонементті ұзарту:
+100 балл;🔹 Жеке кабинет арқылы сабаққа қатысуды бақылау:
+1 балл;🔹 Досыңды алып кел:
+200 балл.2.3.
Sana квест қорытындысы байқау кезеңінде жиналған барлық критерийлер бойынша баллдарды қосу арқылы есептеледі. Жалпы балл бойынша рейтинг жасалады.
3. Қатысушылардың жауапкершілігі мен құқықтары
3.1. Ұйымдастырушылар турникет арқылы өту кезінде техникалық ақау болған жағдайда қателік туралы өтінішті қабылдап, оны түзетеді.
3.2. Қатысушы жаттығуға/сабаққа Sana Sport отбасылық спорт кешені берген жеке білезік арқылы өткенін растайды.
3.3. Ұйымдастырушы байқау шарттарына өзгерістер енгізуге құқылы. Барлық өзгерістер байқаудың ресми парақшасында немесе ұйымдастырушы белгілеген басқа тәсілмен жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.