Оферта шарты
Астана қ.
Осы Шарт «Sana Sport» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 230740027559 (бұдан әрі – Орындаушы) ұсынатын ресми ұсыныс (қоғамдық оферта) болып табылады.
Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) талаптарына сәйкес, Шарт мәтінін https://www.sanasport.kz веб-сайтында жариялау (орналастыру) арқылы белгісіз шектеудегі адамдар тобына жолданған қоғамдық оферта болып табылады.
Орындаушы ұсынған ақылы қызметтерді алу туралы осы Шартта көзделген әрекеттерді жасау арқылы Офертаны қабылдауға келісім берген тұлға, осы Шарттың талаптарын толық әрі бұлжытпай қабылдаған (акцепт жасаған) деп есептеледі.
1. Анықтамалар мен терминдер
Осы Офертаның мақсаттарына қол жеткізу үшін, Шартта келесі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
Орталық – «Sana Sport» спорттық-шығармашылық орталығы, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Алматы ауданы, Қажымұқан к-сі, 5-үй.
Бала/Балалар - 18 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған тұлға, оның атынан не мүддесі үшін Клиент Орындаушымен осы Шартты жасайды.
Клиент – Кәмелетке толған жеке тұлға/заңды өкіл, ол кәмелетке толмаған Бала атынан не оның мүддесі үшін осы Шартты акцепттеген тұлға.
Ілесіп жүретін тұлға – Орталықтың Клиенті болып табылмайтын, кәмелетке толмаған Баланы ертіп жүретін тұлға. Ілесіп жүретін тұлға Орталықтың Қызметтерін пайдалануға құқылы емес және Баланы күту үшін арнайы бөлінген орындарда отыруға/күтуге тиіс.
Сайт -
Орындаушының/Орталықтың коммерциялық мақсатта пайдаланылатын https://www.sanasport.kz интернет-сайты.
Орталыққа бару Қағидалары – Орталық аумағында жүрген барлық Клиенттер/Балалар және келушілер орындауға міндетті, Орталыққа бару тәртібін, мінез-құлық ережелерін, оқу-жаттығу, шығармашылық, білім беру процесі мен демалыстың қауіпсіз және жайлы жағдайларын, сондай-ақ Орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайтын қағидалар. Қағидалар Орталықтың ресми Сайтында орналастырылады және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Қағидаларды сақтау – Қызметтерді көрсету жағдайларының ең маңыздысының бірі. Қағидалар түпкілікті тізбе болып табылмайды, Орталық оларды өз бетінше, біржақты тәртіппен толықтыруға және/немесе өзгертуге құқылы.
Акцепт – Клиенттің осы Шартта көзделген, Қызметтерді алу жөніндегі ұсынысты қабылдау бойынша кез келген әрекетті жасауы, ол Шарттың барлық талаптарын толық әрі сөзсіз қабылдауын және Шарт бойынша көрсетілетін Қызметтер үшін ақы төлеу міндеттемесін қабылдауға келісімін білдіреді.
Оферта шартына қосылу туралы Өтініш-Акцепт (бұдан әрі – Өтініш) - Клиент екі данада (бір дана – Орындаушыға, екіншісі – Клиентке) қол қоятын құжат, онда Шарт бойынша Қызмет көрсетуге байланысты кейбір нақты шарттар көрсетіледі. Өтінішке қол қою және/немесе Қызметтерді төлеу арқылы әлеуетті Клиент осы Оферта шартына қосылуға өз келісімін білдіреді және оның талаптарымен, сондай-ақ Орталыққа бару Қағидаларымен танысқанын, оларды бұлжытпай орындау ниетін растайды.
Магниттік білезік – Клиенттің және/немесе Баланың дербес деректері енгізілген деректер базасында тіркеуден кейін берілетін, Орталыққа кіруге арналған бірегей идентификатор-құралы. Магниттік білезік үшінші тұлғаларға берілмеуге тиіс, бұл Қызметтерді көрсету жағдайларының аса маңыздысының бірі.
Қосымша қызметтер - Қызмет көрсету пакетінің (абонементтің) құнына кірмейтін, Орталық аумағында бөлек төлем бойынша Орталықтың қосымша қызметтеріне арналған қолданыстағы прейскурантқа сәйкес көрсетілетін қызметтер.
Топтық жаттығу (топтық сабақ) – Орындаушы мамандары Клиенттерге және/немесе Балаларға өткізетін, форматы мен бағытына байланысты ұзақтығы әртүрлі жаттығу (сабақ). Топтық жаттығулардың (сабақтардың) жиілігі сабақ кестесімен реттеледі.
Жеке жаттығу (жеке сабақ) – жеке бағдарлама бойынша жеке жаттықтырушы (оқытушы) өткізетін, таңдалған жаттығу (сабақ) түріне байланысты ұзақтығы әртүрлі жаттығу (сабақ). Жеке жаттығу (сабақ) оны алдын ала төлегеннен кейін ғана өткізіледі. Жеке жаттығу (сабақ) Орталықтың қосымша қызметі болып табылады.
Техникалық үзілістер - Орталықтың тұтастай не оның жекелеген аймақтары мен үй-жайларының жұмысын тазалау, санитарлық өңдеу және пайдалану нормаларына сәйкес техникалық қызмет көрсету мақсатында тоқтату кезеңдері.
Жеке (дербес) деректер – Шартпен реттелетін, белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты және электрондық, қағаз немесе өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер.
Жеке деректерді жинау – Жеке деректерді алуға бағытталған әрекеттер.
Жеке деректерді өңдеу – Жеке деректерді жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жоюға бағытталған әрекеттер.
2. Оферта шартының пәні
2.1. Осы Шарттың пәні – Орталық аумағында Клиентке/Балаға Орындаушының білім беру және шығармашылық-дамыту қызметтерін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) Өтінішке сәйкес көрсету және ұйымдастыру.
2.2. Қызметтер Клиентке/Балаға таңдалған бағыт бойынша сабақ кестесіне сәйкес көрсетіледі.
2.3. Қызмет көрсету кестесі Орталықтағы топтық және жеке сабақтардың кестесіне сәйкес айқындалады.
2.4. Клиент өз жұмыспен қамтылуын, ыңғайлылығын және мүмкіндіктерін ескере отырып, Қызметтерді алу уақытын және жүйелілігін өзі таңдайды.
2.5. Шарттың қолданылу мерзімі Қызметтер үшін ақы төленген және/немесе Өтініш-Акцептке қол қойылған күннен басталып, Қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады.
3. Акцепт жасау тәртібі
3.1. Орындаушының ұсынысы Клиент төменде көрсетілген әрекеттердің кез келгенін жасаған сәттен бастап қабылданған және мақұлданған деп есептеледі:
3.1.1. Клиенттің Шарт талаптары көрсетілген жазбаша Өтінішке (Акцептке) қол қоюы;
3.1.2. Клиенттің Оферта шартымен айқындалған тәртіппен және шарттарда, оның ішінде абонемент сатып алу және оны Терминал арқылы төлеу жолымен, төлем жасауы.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Орындаушы мыналарға міндеттенеді:4.1.1. Клиентке/Балаға Өтінішке сәйкес Қызметтерді тиісінше, тиісті көлемде және мерзімде көрсету;
4.1.2. Акцепт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Клиентке/Балаға осы Шарттың талаптарына сәйкес магниттік білезік дайындап беру;
4.1.3. Көрсетілетін Қызметтердің сапасына қатысты бұзушылықтарды болдырмау және жою жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдау;
4.1.4. Шарт жасасу кезінде және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында Клиенттен алынған ақпараттың құпиялылығын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтауды қамтамасыз ету;
4.1.5. Санитариялық нормалар мен ережелердің, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
4.1.6. Спорттық, санитарлық-техникалық және өзге де жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын және оларды санитариялық нормалар мен ережелерге сәйкес дезинфекциялауды қамтамасыз ету;
4.1.7. Стандартты сабақ кестесіндегі өзгерістер туралы Клиентті қолжетімді байланыс құралдары (ұялы байланыс, e-mail, sms-хабарлама, мессенджерлер және т.б.) арқылы алдын ала хабардар ету;
4.1.8. Сабақ өткізуге жайлы жағдай жасау;
4.1.9. Баланың Орталықта болған уақыты ішінде оның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4.1.10. Баланың өмірі мен денсаулығына қатер төну фактісі туындаған жағдайда, бұл туралы Клиентке (Заңды өкіліне) дереу хабарлау;
4.1.11. Баланың Орталықтағы сабақтарға қатысуын есепке алу.
4.2. Орындаушы мыналарға құқылы:4.2.1. Объективті қажеттілік туындаған жағдайда жаттығулар (шығармашылық сабақтар) кестесіне біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге, сондай-ақ жаттықтырушыны (оқытушыны) алмастыруға;
4.2.2. Қоғамдық, техникалық немесе санитариялық-гигиеналық іс-шараларды өткізу қажеттілігі туындаған кезде жылына 2 (екі) реттен артық емес, 10 (он) тәуліктен аспайтын мерзімге, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің жөндеу, регламенттік немесе қалпына келтіру жұмыстарын шексіз мерзімге жүргізу жағдайында Шарт бойынша Қызмет көрсетуді толық немесе ішінара тоқтатуға;
4.2.3. Шарт қолданылған кезең ішінде Орындаушыда Баланың қандай да бір ауруының бар екендігіне күмән туған жағдайда, Клиенттен Баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етуге;
4.2.4. Клиент спорттық секцияларға абонемент сатып алған кезде 027 нысанды медициналық анықтама талап етуге;
4.2.5. Баланың жұқпалы сипаттағы қандай да бір ауру белгілерінің бар екендігіне күмән туындаған жағдайда, Орталыққа кіруді шектеуге;
4.2.6. Орталықта жаппай іс-шаралар өткізілген кезде жаттығу (сабақ) өткізуге арналған аймақты шектеуге, бұл туралы Клиенттерді аталған іс-шараларды өткізуге кемінде 24 сағат қалғанда Орталықтың рецепциясында, әлеуметтік желілерде немесе Орталықтың ресми сайтында ақпарат орналастыру арқылы хабардар етуге;
4.2.7. Жеке және/немесе топтық бағдарламалардың жаттықтырушыларын (оқытушыларын) олардың ауырып қалуы, еңбек демалысына шығуы немесе жұмыстан кетуі жағдайында алмастыруға;
4.2.8. Магниттік білезік иесінің өткізу жүйесіндегі және/немесе Орталықтың деректер базасындағы тұлғасын айқындау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жеке басын куәландыратын құжатты сұратуға;
4.2.9. Клиент Қызметтер үшін ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда, осы Шарт бойынша Қызмет көрсетуден бас тартуға;
4.2.10. Осы Шарттың және Орталыққа бару Қағидаларының талаптарын Клиентке қандай да бір алдын ала хабарламай-ақ, біржақты тәртіппен өзгертуге. Жаңа талаптар Клиенттер үшін Орталықтың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған күннен бастап күшіне енеді;
4.2.11. Клиентті және/немесе Баланы келесі жағдайларда Орталықтан шығарып жіберуге (орталықтан шығару):
- Баланың да, Клиенттің де мінез-құлық және әдеп нормаларын сақтамауы;
- Клиенттің оқу-жаттығу процесіне және Орындаушының қызметіне араласуы;
- тәртіптік және ұйымдастырушылық талаптарды сақтамауы;
- Орындаушының, үшінші тұлғалардың мүлкін бүлдіру немесе оған залал (шығын) келтіру не Орындаушының, үшінші тұлғалардың іскерлік беделіне нұқсан келтіру (шындыққа сәйкес келмейтін, беделге зиян келтіретін ақпарат тарату).
Клиентті және/немесе Баланы Орталықтан шығару осы Шартты бұзу деп танылады және Клиентті тиісті түрде хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
4.2.12. Орталық Қазақстан Республикасында белгіленген ресми мереке күндері сабақтарды өткізмеуге құқылы. Бұл сабақтар кейіннен қалпына келтірілмейді (қайта оқытылмайды).
4.3. Клиент мыналарға міндеттенеді:4.3.1. Қызметтер үшін осы Шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуге;
4.3.2. Орталықтың қосымша қызметтерін пайдаланған кезде, олар үшін уақытылы және толық көлемде ақы төлеуге;
4.3.3. Осы Шарттың қолданылу кезеңі ішінде жаттығу/топтық сабақтар бағдарламасын/кестесін және www.sanasport.kz
сайтында орналастырылған Орталыққа бару Қағидаларын сақтауға;
4.3.4. Спорттық секцияларға абонемент сатып алу кезінде 027 нысанды медициналық анықтама ұсынуға;
4.3.5. Жаттығу/топтық сабақтар бағдарламасында көзделген іс-шараларды іске асыру барысында қауіпсіздік шараларын сақтауға;
4.3.6. Орталық аумағына магниттік білезік арқылы, оны турникеттерге орнатылған считывательге жақындата отырып кіруге;
4.3.7. Клиенттің және/немесе Баланың магниттік білезігі уақытша болмаған жағдайда, Орталыққа кіру Клиенттің және/немесе Баланың жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы жүзеге асырылатынын ескеруге;
4.3.8. Магниттік білезік, сондай-ақ Орындаушы бұрын қайтарымды негізде берген мүлік (заттар) жоғалған жағдайда, олардың құнын өтеуге;
4.3.9. Баланың денсаулық жағдайын өз бетінше және жауапкершілікпен бақылауға. Жедел немесе созылмалы, жұқпалы және/немесе тері ауруларының белгілері, сондай-ақ созылмалы аурулардың асқыну белгілері болған жағдайда, толық сауыққанға дейін Орталыққа барудан бас тартуға;
4.3.10. Тәртіп пен жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауға, атап айтқанда Орындаушының педагогикалық/жаттықтырушы және өзге де персоналына, басқа оқушыларға және үшінші тұлғаларға құрметпен қарауға;
4.3.11. Санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға және Баланың да осы нормаларды сақтауын қамтамасыз етуге, атап айтқанда сыртқы аяқ киімге бахила киюге немесе ауыстырмалы аяқ киім пайдалануға;
4.3.12. Сабақ кестесін қатаң сақтауға;
4.3.13. Баланың алдағы уақытта сабақта болмайтыны туралы Орындаушыға алдын ала хабарлауға;
4.3.14. Баланың Орындаушы мүлкіне әдейі немесе абайсызда келтірген залалын өтеуге;
4.3.15. Клиент осы Шартқа қол қойып, Қызметтерге ақы төлегеннен кейін Клиентке және/немесе Балаға тек төленген Қызметтер ғана қолжетімді екенін біледі және соған келіседі.
4.4. Клиент мыналарға құқылы:4.4.1. Орындаушыдан Шарт талаптарына сәйкес Қызмет көрсетуін талап етуге;
4.4.2. Қызметтерді көрсету барысы туралы қажетті және дәйекті ақпарат алуға;
4.4.3. Осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын және түрлерін жақсарту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды Орындаушыға жолдауға;
4.4.4. Орталықтың қосымша қызметтерін қосымша ақы төлеу арқылы пайдалануға.
5. Құны және төлем тәртібі
5.1. Қызметтердің құны таңдалған бағыт бойынша бекітілген бағаға сәйкес айқындалады. Бала қандай да бір себеппен Орталыққа бармаған жағдайда, осы тармаққа сәйкес енгізілген сома қайта есептеуге және/немесе Орындаушы тарапынан қайтарылуға жатпайды.
5.2. Клиент таңдалған бағыт үшін 100% төлемді Орындаушының банктік шотына ақша аудару, Орындаушының кассасына қолма-қол ақша енгізу немесе Терминал арқылы төлеу жолымен жүзеге асырады.
5.3. Клиент төлем жасағаннан кейін Балаға Орталықта төленген бағыт бойынша сабақтарға қатысу құқығы беріледі.
5.4. Клиент Қызметтерден бас тартқан жағдайда, таңдалған бағыт бойынша белсендірілген (активтелген) Қызметтер үшін төленген ақша қаражаттары қайтарылуға жатпайды, қайта есептеу жүргізілмейді.
5.5. Клиенттен алынған ақша қаражаттары Орындаушының кінәсінен Қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда ғана Орындаушы тарапынан қайтарылуы мүмкін.
5.6. Шарт бойынша төлем Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен жасалады.
5.7. Орындаушы Қызметтердің құнын біржақты тәртіппен өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Жаңа құн өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап күшіне енеді.
5.8. Орындаушы Қызметтердің құнының өзгеруі туралы Клиентті өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Орталықта, ресми сайтта және/немесе Клиентке қолайлы тәсілмен (телефон, электрондық пошта, мессенджер және т.б.) ақпарат орналастыру/жіберу арқылы хабардар етеді.
5.9. Клиент бірнеше айға алдын ала төлем жасағаннан кейін Қызметтердің құны өзгерген жағдайда Клиент Қызметтердің өзекті (қолданыстағы) құнына дейінгі айырманы төлеуге міндетті. Қосымша төлем жасаудан бас тартқан жағдайда Орындаушы:
· Қызмет көрсетуді құн айырмасы өтелгенге дейін тоқтата тұруға;
· төленген кезеңді қайта есептеу немесе ақша қаражаттарын қайтару құқығынсыз жоюға;
· хабарлаған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде құн айырмасы төленбеген жағдайда, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
6. Бағытты өзгерту тәртібі
6.1. Абонемент құны бірдей бағытты басқа бағытқа ауыстыру тек басқа бағытта бос орын болған жағдайда ғана мүмкін.
6.1.1. Осы Шарттың талаптарына сәйкес таңдалған бағытты өзгерту кезінде Клиент себептерін және жаңа бағыттың атауын көрсете отырып, жазбаша өтініш жазуға міндетті.
6.2. Абонемент құны әртүрлі болған жағдайда, оның қолданылу мерзімі ішінде бағытты өзгертуге жол берілмейді. Клиент/Бала бастапқы таңдалған бағыт бойынша Қызметтерді мерзімі аяқталғанға дейін алуды аяқтауға міндетті.
7. Жауапкершілік
7.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартады.
7.2. Клиент пен/немесе Бала Орталықтың Қағидаларын, жаттығу (шығармашылық сабақ) бағдарламасын, жаттықтырушының (оқытушының) нұсқауларын (ұсыныстарын), сондай-ақ осы Шарттың өзге де ережелерін бұзған жағдайда, Клиент пен/немесе Баланың денсаулық жағдайы үшін және мүмкін болатын жарақаттары үшін Орындаушы жауап бермейді.
7.2.1. Орталықта сабақтарға тән жарақаттар мен зақымдану қауіптері тізбесі осы Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Аталған тізбе болжамды сипатқа ие және толық болып табылмайды. 1-қосымшаның болуы 7.2-тармақта көзделген Орындаушының жауапкершілігін шектемейді және Клиент пен/немесе Бала Орталықтың Қағидаларын, жаттығу (шығармашылық сабақ) бағдарламасын, жаттықтырушының (оқытушының) нұсқауларын (ұсыныстарын) және осы Шарттың өзге де ережелерін бұзу салдарынан алынған өзге де жарақаттар үшін Орындаушының жауапкершілігін туындатпайды.
7.3. Клиент Орталықта сабақ өткізу орнында Орындаушының жабдығын және/немесе өзге де мүлкін бүлдіргені, жоғалтқаны немесе жойғаны үшін жауапты болады. Өтелуге жататын нақты залалдың мөлшері жабдықты/мүлікті қалпына келтіру құнымен, ал жабдық/мүлік қалпына келтіруге жатпайтын болса, бүлінген жабдық/мүлікті алмастыру үшін сатып алынатын жабдық/мүліктің нарықтық құнымен айқындалады. Орындаушы үшін жіберіп алған пайда сомасын өтеу туралы талап қою құқығы сақталады.
7.4. Клиент пен/немесе Баланың жоғалтқан немесе қараусыз (соның ішінде Орталықтың қоғамдық орындарында) қалдырған мүлкі үшін Орындаушы жауап бермейді.
7.5. Клиент және/немесе Бала өзіне тиесілі заттардың сақталуы үшін өзі дербес жауап береді, заттарды қараусыз қалдырмауына және жоғалтып алмауына міндетті.
7.6. Қаланың коммуналдық қызметтері тарапынан маусымдық, профилактикалық және авариялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты туындаған техникалық қолайсыздықтар үшін Орындаушы жауап бермейді.
7.7. Осы Шартты қабылдай отырып, Клиент Баланың дене шынықтырумен, спортпен немесе Шарт бойынша өзге де Қызмет түрлерімен айналысуына тұрақты немесе уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ екенін растайды. Шарт жасасу кезінде Клиент жасырып қалған Баланың денсаулық жағдайына кері әсер етуі мүмкін елеулі медициналық қарсы көрсетілімдер немесе созылмалы аурулар анықталған жағдайда жауапкершілік Клиенттің өзіне жүктеледі.
8.Форс-мажор
8.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл міндеттемелерді орындамау Шарт жасалғаннан кейін туындаған және Тараптардың еркінен тыс болған, сондай-ақ Тараптар қалыпты жағдайларда алдын ала болжай немесе орынды шаралармен болдырмау мүмкін болмаған табиғи апат (су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және өзге де табиғи құбылыстар), соғыс, әскери қимылдар, блокада, билік органдарының тыйым салу әрекеттері және мемлекеттік органдар мен санитариялық қызметтердің актілері, коммуникациялар мен энергиямен жабдықтау жүйелерінің бұзылуы, жарылыстар және өзге де форс-мажорлық сипаттағы құбылыстар салдарынан болған жағдайда.
8.2. Егер форс-мажор жағдайлары 2 (екі) айдан астам уақыт бойы әрекет етсе, кез келген Тарап Шарт бойынша өз міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы, бұл ретте ешбір Тарап екінші Тараптан келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы емес.
9. Жеке деректер
9.1. Клиент осы арқылы Шарт бойынша Қызмет көрсету шеңберінде өзінің және Баланың жеке деректерін Орындаушыға беруге келісім береді. Клиентке белгілі, жеке деректер – жеке деректер субъектісіне (Клиентке және Балаға) тікелей немесе жанама қатысы бар кез келген ақпарат, соның ішінде тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, айы, күні және жері, мекенжайы, паспорттық деректері, оқу орны және өзге де жеке ақпарат.
9.2. Клиент өзінің және Баласының жеке деректерін жинауға, сақтауға және өңдеуге толық келісімін растайды.
9.3. Орындаушы жеке деректерді осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындау мақсатында ғана пайдалануға міндеттенеді.
10. Дауларды шешу
10.1. Осы Шарт ҚР заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.
10.2. Осы Шартты түсіндіруге және/немесе орындауға байланысты Тараптар арасында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін бар күш-жігерін салады.
10.3. Дауларды сотқа дейінгі реттеу мерзімі 30 (отыз) күн болып белгіленеді.
10.4. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, барлық даулар Қазақстан Республикасының сот органдарына беріледі. Тараптар дауларды Орталық орналасқан жердегі соттың қарауына беру туралы шартты соттылық белгіледі.
11. Қорытынды ережелер
11.1. Осы Шарт Клиент оны Акцепттеген кезден бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
11.2. Тараптардың ешқайсысы осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
11.3. ҚР АК-нің 145-бабына және 15-бабының 8-тармағына сәйкес, Клиент:
- Орындаушының және/немесе Орындаушының атынан және/немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін үшінші тұлғалардың Клиенттің/Баланың бейнесін (фото және/немесе бейнеролик) Қызметтер көрсету процесінде
фото және бейне түсіруіне;
- Орындаушының қызметі нәтижесінде алынған, Клиенттің (Баланың) бейнесі бар аудио-, бейне-, фото-материалдарды жариялауына, көбейтуіне және таратуына келісім береді.
11.4. Осы Шарт Тараптардың келісімі бойынша немесе осы Шартта не Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда бұзылуы мүмкін.
11.5. Бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін барлық хабарламалар WhatsApp/Telegram мессенджерлері, электрондық пошта, SMS-хабарлама немесе телефон арқылы байланыс құралдарымен жазбаша түрде жолданады.
11.6. Орталықта Клиенттердің/Балалардың және Орындаушы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелері орнатылған. Бейнежазба Орталықтың қоғамдық аймақтарында жүргізіледі. Жазбаларды пайдалану жеке деректерді қорғау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
11.7. Осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымша – «Орталықтағы сабақтарға тән жарақаттар мен зақымданулардың тізбесі».
Оферта шартына 1-қосымша
Орталықтағы сабақтарға тән жарақаттар мен зақымданулардың тізбесі
Осы Тізбе болжамды (мысалдық) сипатқа ие және Клиентті/Заңды өкілді дене шынықтыру, спорт және шығармашылық-дамыту түріндегі белсенділікпен шұғылдану процесінде жиі кездесетін жарақат түрлері туралы хабардар етуге арналған. Көрсетілген жарақаттар контактілер, құлаулар, күрт және/немесе қайталанатын қозғалыстар, сондай-ақ тиісті белсенділік түрлеріне тән өзге де факторлар салдарынан туындауы мүмкін.
Джиу-джитсудағы жарақаттарДжиу-джитсуда созылу, буын шығу, соғылу және сүйек сыну, сондай-ақ көбіне ұстап алу және буынға жасалатын ауырсындыратын әдістерге байланысты байлам жарақаттары кездеседі. Жарақаттар қаупін қауіпсіздік қағидаларын сақтау, қорғаныш құралдарын пайдалану, жаттығулар алдында қызыну және өз физикалық мүмкіндігін шамадан тыс асырмау арқылы азайтуға болады. Өз ағзаңыздың сигналдарын тыңдау және қажет болған жағдайда дәрігерге жүгіну маңызды.
Жарақат түрлері
·
Созылу мен буын шығу: Иық, шынтақ, тізе сияқты буындарда дұрыс емес техника немесе шамадан тыс қысым салдарынан жиі туындайды.
·
Соғылу мен көгеру: Джиу-джитсу қоса алғанда, контактілі спорт түрлеріне тән.
·
Сынулар: Кенет қозғалыстар немесе қорғаныс техникасын дұрыс қолданбау нәтижесінде туындауы мүмкін.
·
Байлам жарақаттары: Қолға немесе аяққа жасалатын буынға ауырсындыратын тәсілдерге (рычагтар және т.б.) байланысты болады, сондықтан байлам жыртылуын болдырмау үшін уақытылы берілу (сдача жасау) маңызды.
Жарақаттың алдын алу
·
Қауіпсіздік қағидаларын сақтау: Жаттықтырушының нұсқауларын және спорт түрінің ережелерін орындаңыз.
·
Дұрыс қызыну: Жаттығуды әрдайым қызынудан бастап, бұлшықеттер мен буындарды дайындаңыз.
·
Қорғаныш құралдарын пайдалану: Қорғаныш құралдары жарақат алу қаупін төмендетуге көмектеседі.
·
Мүмкіндігіңізден асырмаңыз: Дайын еместен күрделі әдістерді орындамаңыз, қатты ауырсынуға төзбеңіз.
·
Жақсы жаттықтырушымен жаттығыңыз: Тәжірибелі жаттықтырушы техникаңызды түзетіп, жарақат алу қаупін барынша азайтуға көмектеседі.
·
Өз ағзаңызды тыңдаңыз: Қандай да бір қозғалыс ауырсыну тудырса, бірден тоқтатыңыз және қажет болған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.
·
Спорттық сақтандырыңыз: Жарақат алған жағдайда ем-шара шығындарын өтеуге көмектеседі.
Волейболдағы жарақаттарВолейболда ең көп таралған жарақаттар – қол саусақтарының, тізенің және иықтың жарақаттары, олар қайталанатын секірулер, соққылар және күрт қозғалыстар нәтижесінде пайда болады. Сондай-ақ, әсіресе бел аймағында, голеностоп (таянақ буын) және арқа жарақаттары жиі кездеседі. Көбіне созылулар, буын шығулар, байлам жыртылулары және сынулар орын алады.
Кең таралған жарақаттар
·
Қол саусақтары: Допты тосқан немесе ыңғайсыз қабылдаған кезде созылулар, буын шығулар және сынулар.
·
Тізе: Секіру және қону барысында мениск пен байламдардың зақымдануы.
·
Иық: Берілген доп және шабуыл кезіндегі қайталанатын қозғалыстар байлам жыртылуына және буын шығуына әкелуі мүмкін.
·
Голеностоп: Дұрыс қонбау салдарынан жарақаттар.
·
Арқа: Қайталанатын еңкеюлер мен бұрылыстар, әсіресе бел аймағында, созылулар мен спондилезге (омыртқа сүйектерінің стресс-сынулары) әкелуі мүмкін.
Жарақат қаупін азайту
·
Қызыну: Жаттығу алдында әрдайым мұқият қызыну керек.
·
Техника: Қозғалыстар техникасының дұрыстығына назар аударыңыз.
·
Дайындық: Бұлшықеттерді нығайту үшін жалпы дене дайындығымен жүйелі түрде айналысыңыз.
·
Артық жүктеме бермеңіз Ағзаны шамадан тыс шаршатпаңыз, демалысқа көңіл бөліңіз.
·
Қорғаныс: Жарақаттың алдын алу үшін, мысалы, саусақтарды тейппен таңу сияқты қорғаныш құралдарын пайдаланыңыз.
·
Абай болу: Ойын кезінде, әсіресе тосқауыл қою және қону кезінде зейінді болыңыз.
Баскетболдағы жарақаттарБаскетболда ең жиі кездесетін жарақаттар – голеностоп буынының созылуы мен шығуы, сондай-ақ тізе зақымданулары (мысалы, айқаспалы байламның жыртылуы). Сондай-ақ, қол саусақтарының, соғылулардың, сынулардың, білезік пен шынтақтың зақымданулары кең тараған. Бұдан бөлек, соқтығысулар мен құлаулар салдарынан бас жарақаттары да болуы мүмкін.
Кең таралған жарақаттар
·
Голеностоп: Ең жиі кездесетін жарақат – созылу және буын шығу. Көбіне басқа ойыншының аяғына қонған кезде немесе табан буынын күрт бұрған кезде пайда болады.
·
Тізе: Алдыңғы айқаспалы байламның (ААБ) жыртылуы қозғалыс бағытын күрт өзгерту немесе дұрыс қонбау салдарынан туындайды.
·
Қол саусақтары: Доппен немесе шеңемен соқтығысқанда сынулар, буын шығулар және соғылулар.
·
Білезік пен шынтақ: Құлаулар мен соқтығысулар салдарынан жарақат алу қаупі.
·
Бас: Ойыншылардың соқтығысуы немесе құлау салдарынан ми шайқалуы және басқа да бас жарақаттары болуы мүмкін.
Қауіп факторлары және алдын алу
·
Шаршау: Жарақаттардың басым бөлігі шаршау фонында пайда болады, сондықтан төзімділікті арттыру және демалыс маңызды.
·
Қызыну мен созылу: Ойын алдында жеткіліксіз дайындық жарақат алу қаупін арттырады.
·
Техника және тәртіп: Ережелерді бұзу, қызыну мен созылуды елемеу, сондай-ақ жеткіліксіз зейін жарақат ықтималдығын ұлғайтады.
Бокстағы жарақаттар Бокстағы жарақаттарға ми шайқалуы, бет сүйектерінің сынуы мен жарақаттануы, аяқ-қол сынуы мен буын шығуы, сондай-ақ буындар зақымдануы жатады. Ең осал аймақ – бас, бірақ қол мен білезік жарақаттары да жиі кездеседі. Басқа қайталанатын немесе ұзақ мерзімді жарақаттар созылмалы ауруларға, мысалы, созылмалы травматикалық энцефалопатияға (боксшылар энцефалопатиясы) әкелуі мүмкін
Жарақат түрлері
Бас жарақаттары:· Ми шайқалуы және ми соғылуы
· Беттегі жаралар, көгерулер және сызаттар
· Көз шаралары, бет сүйектері, қас үсті доғалары, жақ сүйегі және тістердің зақымдануы
Аяқ-қол және буын жарақаттары:· Сынулар мен буын шығулар;
· Байламдардың созылуы;
· Саусақ, алақан, шынтақ және иықтың зақымдануы.
Басқа жарақаттар:· Тікелей соққылардан болатын бұлшықет жарақаттары
· Шамадан тыс жүктеме және артық жаттығу
Созылмалы аурулар
·
Боксшылар энцефалопатиясы: Қайталанатын бас жарақаттары салдарынан туындайтын нейродегенеративті ауру. Белгілері – мінез-құлық, көңіл-күй және ойлау қабілетімен байланысты мәселелер.
Алдын алу шаралары
· Басқа, ауыз қуысына және қолдарға арналған қорғаныш құралдарын (шлем, капа, қол орағыштар) пайдалану
· Қауіпсіздік техникасын сақтау
· Жүктемені дұрыс бөлу және қалпына келуге жеткілікті уақыт бөлу