Sana Sport орталығының балалары «Мереке» қайырымдылық қорының қолдауымен Алматы қаласындағы «Жаңа Ұрпақ» лагерінде демалып, ерекше әсерге толы күндерді өткізді.
«Жаңа Ұрпақ» – әр баланың бойындағы қабілеті мен көшбасшылық қасиетін дамытуға, өмірлік мақсатын айқындауға бағытталған бірегей лагерь. Мұнда балалар жаңа білім алып, қызықты бағдарламаларға қатысып, жаңа достар тауып, өз мүмкіндіктерін аша түсті.
Лагерьдің негізін қалаушы, танымал отбасылық коуч, ізгі педагогика ұстазы және мотивациялық тренер Асхат Абжановқа, сондай-ақ «Мереке» қайырымдылық қорына балаларымыздың есте қаларлықтай әрі пайдалы демалысын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Осындай игі бастамалар балалардың жарқын болашағына жол ашып, олардың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдіміз.