Sana Sport командалары Қазақстан чемпионатына жолдама жеңіп алды
Бүгін жеке клубтар арасындағы ҚР Біріншілігінің іріктеу кезеңінің жартылай финалдық ойындары басталды. Біздің командалар жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті және финалға шығу үшін барын салды.
2010–2011 ж.т қыздар волейбол клубы «Болашаққа» қарсы 2:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. Финалда олар тағы да 2:0 есебімен жеңіп, наурыз айында Өскемен қаласында өтетін жеке клубтар арасындағы Қазақстан чемпионатына жолдама алды.
2012–2013 ж.т қыздар финалдық ойыннан жеңіспен шығып, екінші жолдаманы жеңіп алды.