Sana Sport орталығында Sana Quest байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға лайықты жүлделер табысталды.
Хабарлаймыз, Sana Quest байқауы орталықтың тәрбиеленушілері арасында ай сайын тұрақты түрде өткізіледі. Әр айдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған балалар белсенділігі, тәртібі және байқау бағдарламасына жоғары деңгейде қатысқаны үшін марапатталады.
Sana Quest байқауының жеңімпаздары:
1 орын — Тусупов Наиль 2 орын — Шамин Даниил 3 орын — Тусупова Айлин
Байқау тұрақты түрде жалғасады, және әрбір тәрбиеленуші алдағы айлардың қорытындысы бойынша қатысып, жеңімпаз атануға мүмкіндік алады.