[Kaz] Новости
Sana Sport жазғы лагерінің алғашқы маусымы өз бастауын алды!
Алдымызда — 10 күнге созылатын қызықты оқиғалар, жаңа достар, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер күтіп тұр!
Ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық сабақтар, квесттер және көтеріңкі көңіл-күйге толы күндер — жаз мезгілі ресми түрде басталды!
«Күш порталына» қош келдіңіздер!
Бұл — әр күн жаңа оқиғаға, жаңа жетістікке және жаңа әсерге толы ерекше әлем. Бізбен бірге қызықты жазғы саяхатқа аттаныңыздар!
Жазғы демалыс көңілді, белсенді және пайдалы өтсін!
2026-06-01 18:08