[Kaz] Новости

Sana Sport Қазақстан халықтары тілдері күнін атап өтті

2025 жылғы 5 қыркүйек

Бүгін Sana Sport орталығында Қазақстан халықтары тілдері күні аталып өтті. Бұл мереке – мәдениеттердің байлығы мен әртүрлілігін, әрбір тіл мен дәстүрге деген құрметті еске салады.

Балалар мен ата-аналар үшін караоке және қызықты «Полиглот» ойыны ұйымдастырылды.

Қатысушылар өз білімдерін, креативтіліктері мен командалық рухын көрсете алды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

Sana Sport орталығы іс-шараға қатысқан барлық жанға алғыс білдіреді! Әр күніңіз тілге, мәдениетке және адамдар арасындағы достыққа толы болсын!