[Kaz] Новости

Sana Sport-та Sen Sulu ұлттық әшекей жасау мастер-класы өтті

Sana Sport орталығында «Sen Sulu» қазақтың ұлттық әшекейлерін жасау бойынша мастер-класс өтті.

Қыздар мастер-классқа үлкен қызығушылықпен қатысып, өз қолдарымен әдемі әрі сәнді бұйымдар жасады. Әр қатысушы өз қалауына қарай ерекше әшекей жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсете алды.

Мастер-класс барысында қыздар ұлттық мәдениетпен танысып қана қоймай, бір-бірімен араласып, жаңа әсерлер алды. Сонымен қатар олар қызықты фильм көріп, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді.

Іс-шара өте жылы және шығармашылық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды эмоциялар мен ұмытылмас естеліктер сыйлады.