Sana Grant TIMBUILDING — балалар мен ата-аналарды біріктірген ерекше әрі әсерлі кеш өтті
Sana Grant TIMBUILDING — балалар мен ата-аналарды біріктірген ерекше кеш өтті.
Бұл кеш тек тимбилдинг емес, бір жыл бұрын басталған Sana Grant жобасының құндылықтарын тағы бір мәрте сезінген күн болды.
Қызықты шоу-бағдарлама, белсенді ойындар, көтеріңкі атмосфера, бірге орындалған Sana Sport гимні және арнайы ұйымдастырылған фуршет кешке ерекше жылулық сыйлады.
Sana Grant — бұл кез келген балаға берілетін грант емес.
Бұл — жетістігі жоғары, тәртібі мықты, талантты әрі дарынды балаларға берілетін мүмкіндік.
Жоба балаларды тек спортта емес, жауапкершілікке, тәртіпке, құрметке және дұрыс құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған.
Біз үшін ең маңыздысы — нәтиже ғана емес, баланың тұлға болып қалыптасуы, өзіне сенімді әрі саналы азамат болып өсуі.