[Kaz] Новости

Sana Sport-та каратэ секциясы тәрбиеленушілеріне белбеу табыстау рәсімі өтті!

Жас спортшылар үшін бұл күн жаңа жетістіктерге бастар маңызды белес болды. Жаңа белбеу алу – тынымсыз жаттығудың, тәртіптің, табандылықтың және өз-өзін жетілдіруге деген ұмтылыстың нәтижесі.

Жаттықтырушы Адильжан Ақылжанның жетекшілігімен тәрбиеленушілеріміз аттестациядан сәтті өтіп, жаңа белбеулерге ие болды:

Қызғылт сары белбеу — 15 спортшы
Көк белбеу — 9 спортшы

Бұл күн балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш, мақтаныш және жарқын эмоциялар сыйлады.

Жас спортшыларымыз бен жаттықтырушымызды осы маңызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!
2026-06-13 16:48