[Kaz] Новости

Жарқын жеңіс!

2009–2010 жылы туған жасөспірімдер құрамасы волейболдан «Болашақ» клубын 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Ойын басынан бастап біздің спортшылар қарқынды темп көрсетіп, алаңда сенімді қимылдап, әр доп үшін күресті. Командалық үйлесімділік, тактикалық сауаттылық және жігерлі ойын нәтижесінде қарсыласқа еш мүмкіндік берілмеді.

Бұл жеңіс — жүйелі жаттығудың, тәртіптің және жаттықтырушылардың кәсіби еңбегінің айқын дәлелі. Жас спортшыларымыз күн сайын өз шеберліктерін шыңдап, жаңа белестерді бағындыруға дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Команданы және жаттықтырушылар Мусаев Асхат пен Ахметов Курманды шын жүректен құттықтаймыз!

Алда әлі талай жеңістер күтіп тұр!

Алға, тек алға!