[Kaz] Новости

Sana Sport орталығының 5 тәрбиеленушісі КМС атағын алды!

Біздің команда үшін үлкен қуаныш пен мақтаныш!
Sana Sport орталығының үстел теннисі бойынша бес тәрбиеленушісі нормативтерді сәтті орындап, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер (КМС) атағын иеленді!

Бұл нәтиже – тынымсыз еңбектің, күнделікті жаттығулардың және жаттықтырушыларымыздың кәсіби шеберлігінің көрсеткіші.
Спортшыларымыздың әрбір жеңісі – спорт рухын дамытуға қосқан үлес және жас ұрпаққа үлгі.

Жетістіктерімен шәкірттер мен жаттықтырушыны шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер мен шабыт тілейміз, алға — спорт шебері атағына дейін!