[Kaz] Новости

Sana Sport-та әлемдік деңгейдегі қонақ!

Sana Sport орталығына Қазақстан әйелдер бокс құрамасының дене дайындығы жөніндегі жаттықтырушысы Дарио Камачо арнайы келді.

Сапар барысында қонақ орталықтың жұмысымен танысып, спортшылармен және жаттықтырушылармен жүздесті. Жоғары жетістіктер спортындағы тәжірибесімен бөліскен Дарио Камачо жастарды жаңа белестерге ұмтылуға шабыттандырды.

Осындай кәсіби мамандармен кездесу жас спортшылар үшін үлкен мотивация мен құнды тәжірибе көзі болып табылады.

Дарио Камачоға сапары мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!