[Kaz] Новости

73-мектеп оқушыларына арналған ұлттық әшекейлер бойынша мастер-класс өтті

Sana Sport орталығында №73 мектептің оқушыларына арналған ұлттық әшекейлер жасау бойынша мастер-класс өтті. Іс-шара шағын тимбилдинг форматында ұйымдастырылды.

Қыздар өз мұғалімдерімен бірге түрлі ұлттық әшекейлер жасап көрді: сотуар, білезік, шекелік және басқа да әдемі бұйымдар. Әр қатысушы өз қолымен жасаған әшекейін жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Мастер-классты тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Айнұрлы Бердімұратқызы өткізді. Қатысушылар ұлттық өнермен танысып, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізді.

Мастер-класс өте жоғары деңгейде, керемет әрі жылы атмосферада өтті.