Екі күнге созылған, 700-ден астам спортшы қатысқан және Қазақстан, Қырғызстан мен Ресейден келген үздіктер бас қосқан ORTUS халықаралық дзюдо турнирі өз мәресіне жетті.
Sana Sport тәрбиеленушілері де жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥈 Құттыбай Тамсан – ІІ орын
🥉 Бауржан Нұрасыл – ІІІ орын
Спортшыларымызды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Бұл нәтиже – табанды еңбек, жүйелі дайындық және жеңіске деген ұмтылыстың жемісі.
Жаттықтырушы Қабыл Рамазановқа шәкірттерін жоғары деңгейде дайындап, әрдайым қолдау көрсетіп жүргені үшін алғысымызды білдіреміз.
Бұл – ортақ жеңіс! Біз спортшыларымызбен және олардың жаттықтырушысымен мақтанамыз!