Sana Sport орталығына Қазақстанның танымал әншісі, көпшіліктің сүйіктісі — Айқын Төлепберген келді.
Қонаққа орталықтың залдары, секциялары мен инфрақұрылымы таныстырылып, экскурсия ұйымдастырылды. Айқын Sana Sport-тың білім беру және спорттық бағдарламаларымен танысып, жаттықтырушылармен және оқушылармен еркін әңгімелесті.
Артист әсіресе орталықтағы шығармашылық бағыттарға — вокал мен домбыра секцияларына ерекше көңіл бөлді. Кездесу барысында ол жас өнерпаздармен тілдесіп қана қоймай, домбырашыларымызбен бірге бірнеше күй орындап, жылы әрі шабытты атмосфера қалыптастырды. Айқын балалардың жан-жақты дамуын қолдап, өскелең ұрпақтың өмірінде спорт пен өнерді қатар алып жүрудің маңыздылығын атап өтті. Біз шәкірттерімізге шабыт сыйлайтын осындай қадірлі қонақтарды қуана қарсы аламыз!