[Kaz] Новости

Айқын Төлепберген Sana Sport орталығымен танысты

2025 жылғы 13 шілде
Sana Sport

Sana Sport орталығына Қазақстанның танымал әншісі, көпшіліктің сүйіктісі — Айқын Төлепберген келді.

Қонаққа орталықтың залдары, секциялары мен инфрақұрылымы таныстырылып, экскурсия ұйымдастырылды. Айқын Sana Sport-тың білім беру және спорттық бағдарламаларымен танысып, жаттықтырушылармен және оқушылармен еркін әңгімелесті.

Артист әсіресе орталықтағы шығармашылық бағыттарға — вокал мен домбыра секцияларына ерекше көңіл бөлді. Кездесу барысында ол жас өнерпаздармен тілдесіп қана қоймай, домбырашыларымызбен бірге бірнеше күй орындап, жылы әрі шабытты атмосфера қалыптастырды.
Айқын балалардың жан-жақты дамуын қолдап, өскелең ұрпақтың өмірінде спорт пен өнерді қатар алып жүрудің маңыздылығын атап өтті.
Біз шәкірттерімізге шабыт сыйлайтын осындай қадірлі қонақтарды қуана қарсы аламыз!