[Kaz] Новости

Sana Sport — Мектеп лигасында 1 орын

Sana Sport тәрбиеленушілері үстел теннисінен өткен Мектеп лигасында 1 орынды иеленді.
Орталығымызға алтын жеңісті Онов Али мен Амиров Имангали әкелді. Олар жарыс барысында сенімді ойын, жоғары дайындық және табандылық көрсетті.
Спортшыларды жарысқа жаттықтырушы Александр Герасименко дайындады. Оның жетекшілігімен команда Sana Sport намысын лайықты қорғап, жоғары нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздарды және жаттықтырушыны шын жүректен құттықтаймыз! Алда жаңа белестер мен жарқын жеңістер күтеміз.
Sana Sport — бірге жеңіске жетеміз.