Sana Sport-та «Sanaly kitap» кітап оқу байқауы өтті
Sana Sport-та «Sanaly kitap» кітап оқу байқауы ұйымдастырылып, ол қатысушылар үшін нағыз зияткерлік сын болды. Балалар алдын ала кітапты оқып, кейін тест тапсырмаларын орындап, талқылауға белсенді түрде қатысты. Олар шығарманың мазмұнын, кейіпкерлер бейнесін және негізгі идеясын терең түсінгендерін көрсетті.
Байқау барысында балалардың ой қорыта алатыны, оқығанын талдап, саналы шешім шығара білетіні анық байқалды. Бұл — оқу мен өмірде аса маңызды дағдылар.
Байқауға қатысқан барлық балаларды және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Кітап оқуға деген қызығушылықтарыңыз бен білімге ұмтылыстарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Sana Sport — білім жетістікке айналатын, ал кітап оқу дамудың маңызды бөлігі болып саналатын кеңістік.