Футбол бойынша жаттықтырушымыз Бекзат Сейтбаталовичті маңызды жетістігімен құттықтаймыз!
Бекзат Сейтбаталович әлемдегі ең үздік футбол академияларының бірі саналатын La Masia Futsal академиясында оқудан өткен алғашқы қазақстандық жаттықтырушы атанды.
Аңызға айналған академияда заманауи жаттығу әдістемелерін меңгеру және халықаралық тәжірибе жинақтау – жаттықтырушының кәсіби дамуы үшін ғана емес, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жолындағы маңызды қадам.
Біз Бекзат Сейтбаталыұлының жетістігін мақтан тұтамыз және алған білімі мен тәжірибесі жас футболшыларымыздың дайындығын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз.
Бекзат Сейтбаталыұлына жаңа кәсіби белестер, толағай табыстар және жарқын жетістіктер тілейміз!