Sana Sport U14 — JUMP мектеп баскетбол лигасындағы сенімді жеңіс
JUMP мектеп баскетбол лигасының көктемгі чемпионаты (U14 тұрақты чемпионаты) аясында Sana Sport командасы Steppe Dunk 2 командасын 54:7 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Бас бапкер Коржов Вадимнің жетекшілігімен команда тәртіпті ойын, мықты қорғаныс және жоғары қарқын көрсетті. Кездесу толықтай біздің спортшылардың бақылауында өтті. Матчтың MVP ойыншысы — Ансар Ауганбаев. Ол 9 ұпай, 8 рет допты қайтарып алу (ребаунд) және 1 рет допты тартып алу көрсеткіштерімен команданың жеңісіне үлкен үлес қосты. Ойыншылар мен жаттықтырушыны тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Жеңісті жол жалғаса берсін. Sana Sport — жеңіске жетелейтін орта.