Нұрбек Оралбай Олимпиада ойындарынан кейін Sana Sport-қа келді
4 қыркүйек күні Sana Sport қабырғасында есте қаларлық оқиға орын алды!
Бізге Париж-2024 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, шынайы үлгі болатын спортшы – Нұрбек Оралбай қонаққа келді!
Бұл күн біздің жас спортшыларымыз үшін ерекше шабыт көзіне айналды. Олар Олимпиада чемпионының ақыл-кеңестерін мұқият тыңдап, оның жетістікке жету құпияларын білді. Нұрбекпен кездесу баршамызға арманға жету үшін тынымсыз еңбек етіп, өзімізге сенудің маңыздылығын еске салды.
Мұндай аңыз тұлғалардың бізге келіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, жас өрендердің жүрегінде жігер отын тұтатуымен мақтанамыз. Нұрбек, ерекше энергияңыз, мотивацияңыз және нағыз спорт тарихына қол тигізу мүмкіндігі үшін үлкен рахмет!
Sana Sport – ұлы жеңістерге бастайтын жол басталатын мекен.