Біздің орталықта Алимбаев Амангельды және Енов Андрей жаттықтырушыларының жетекшілігіндегі топтар арасында жолдастық матч өтті. Ойынға 24 спортшымыз қатысты. Матч қарқынды әрі достық форматта өтіп, балаларға ойын элементтерін пысықтауға, алаңдағы өзара әрекеттестікті жақсартуға және қосымша ойын тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер командалық рухты, өзіне деген сенімділікті дамытуға және алдағы жарыстарға дайындыққа ықпал етеді. Белсенді қатысуы мен тамаша ойыны үшін жаттықтырушылар мен спортшыларға алғыс білдіреміз!