[Kaz] Новости

Хромтауда оқу-жаттығу жиындары өтті!

28 шілде – 10 тамыз аралығында Хромтау қаласында Sana Sport-тың 19 жас спортшысы қатысқан оқу-жаттығу жиындары өтті.

Жаттықтырушы Аружан Ринадқызының жетекшілігімен балалар жаттығу жұмыстарын жүргізіп, техникалық және физикалық дайындықтарын жетілдіріп, командалық өзара әрекетке ерекше көңіл бөлді.

Оқу-жаттығу жиындары — спортшылардың тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдап, алдағы жарыстарға дайындалуы үшін маңызды мүмкіндік.

Жас спортшыларымызға жаңа жетістіктер, мықты дайындық және жарқын жеңістер тілейміз!
2026-07-28 16:19