Sana Sport спортшылары Burabay Cup республикалық фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды
Sana Sport орталығының спортшылары Burabay Cup республикалық балалар мен жасөспірімдер фестивалінде тамаша нәтиже көрсетті.
Жарысқа біздің орталықтан 9 команда қатысып, барлығы жүлделі орындарға ие болды. Барлығы 79 бала бұл жарыста өз шеберліктерін, табандылықтарын және командалық рухтарын көрсетті.
Командаларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар — Ахметов Курман мен Мусаев Асхат. Олардың еңбегі мен кәсіби дайындығының арқасында спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Бұл жеңіс — тек медальдар мен кубоктар ғана емес. Бұл — балалардың еңбегі, күнделікті жаттығуы, өздеріне деген сенімі және үлкен армандарға жасалған тағы бір қадам.
Барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды және ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз.