JUMP мектеп баскетбол лигасының көктемгі чемпионаты (U17 тұрақты маусымы) аясында Sana Sport командасы жаттықтырушы Алимбаев Амангельдының жетекшілігімен қарқынды әрі нәтижелі маусымды аяқтады.
Бір тәуліктің ішінде команда 6 матч өткізді — оның 5-еуі JUMP мектеп лигасында, 1-еуі әуесқой лигада. Жексенбі күні өте мазмұнды әрі сынаққа толы өтті, бұл біздің спортшылардың төзімділігі мен мінезін көрсетті.
Sana Grizzlies U17-1 командасын ерекше атап өткіміз келеді. Олар «Бином» командасын 74:70 есебімен жеңіп шықты. Маусым қорытындысы бойынша команда 14 команданың ішінде 5-орынға тұрақтады (қаңтардан сәуірге дейінгі ойындар).
Команданың үздік ойыншысы — Нурсултан Темірбай
Әуесқой лигада Адилет Абатов ерекше көзге түсті — ересектер командасына қарсы ойында 28 ұпай жинап, мықты ойын көрсетті!
Жалпы бірнеше ай ішінде 30 матч өткізіліп, оған Sana Sport-тың 70 ойыншысы қатысты — бұл үлкен тәжірибе мен даму көрсеткіші!
Команда құрамы: Султан Назархан Асанали Хайдаров Димаш Уразалин Ерасыл Сеитов Нурмухаммед Бустеков Альтаир Серикбай Магзум Сарсенов Игорь Демидов Малик Маратулы Амаль Эмильзаде Асылхан Магау
Жаттықтырушы Алимбаев Амангельдыны маусымдағы нәтижелерімен құттықтаймыз және команда мен спортшыларды дамытуға қосқан еңбегі үшін алғыс айтамыз! Жаңа жеңістерге бірге қадам басамыз!