Sana Sport спортшылары әлем чемпионы Вернер Шлягермен бірге оқу-жаттығу жиынында!
Біздің спортшылар — Агалақова Елизавета мен Чернозубов Николай — Өскемен қаласында өтіп жатқан үстел теннисі бойынша оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Жиын әлем чемпионы, аңызға айналған спортшы және үстел теннисінің танымал шебері Вернер Шлягердің жетекшілігімен өтуде. Бұл — біздің спортшылар үшін шеберліктерін арттырып, әлем чемпионының тәжірибесін меңгеріп, жаңа білімдерін алдағы жарыстарда қолдануға таптырмас мүмкіндік!
Елизавета мен Николайға сәттілік, шабыт және жарқын спорттық жетістіктер тілейміз!