[Kaz] Новости

Ташкенттегі халықаралық дзюдо турнирінде алтын алды!

2025 жылғы 1 маусымда Ташкент қаласында «Дзюдо БОСТАНЛЫК 2025» халықаралық турнирі өтті. Бұл жарысқа түрлі елдерден келген мықты жас спортшылар қатысты.

Sana Sport орталығы бапкері Оразбеков Алматтың шәкірті–Нұғман Альдина атынан қатысып, өз салмағында құрлық арасындағы бірінші орынға табан тіреді.

Альдинаға сенімді жеңісімен, ал бапкеріне кәсіби даярлығы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Бұл жоғары нәтиже – табандылық, тәртіп пен қажырлы еңбек нәтижесі.

Оған әрі қарай жаңа жеңістер мен спорттық кемелдену тілейміз!