Мектеп баскетбол лигасы JUMP 3×3 – күміс жүлде құтты болсын!
Мектебіміздің командасын JUMP 3×3 мектеп баскетбол лигасында жүлделі II орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Команда құрамы: Нұрсұлтан Темірбай Ермек Жақып Әмір Халық Әлмансұр Есенжол
Жаттықтырушысы – Алимбаев Амангелді.
Командамыз жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерін көрсетіп, лайықты нәтиже көрсетті.
Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда жаңа жеңістер, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! Ал жаттықтырушыға қажырлы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен шәкірттеріне деген қолдауы үшін алғыс білдіреміз.
Жеңістеріңіз көп болып, әрдайым биіктерден көріне беріңіздер! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!