Sana Sport командасының жолдастық матчтағы сенімді жеңісі
Sana Sport командасы Ахметов Құрман және Мусаев Асхат жаттықтырушыларының жетекшілігімен «Тұмар» клубына қарсы жолдастық матч өткізді. Кездесу біздің команданың 3:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Ойыншылар тәртіпті ойынды, сапалы доп беруді, қорғаныстағы сенімді әрекетті және алаңдағы жақсы командалық үйлесімділікті көрсетті. Спортшылар мен жаттықтырушыларды тамаша нәтижемен құттықтаймыз!