Біздің жаттықтырушымыз – халықаралық чемпионат жүлдегері!
Джиу-джитсу жаттықтырушысы Ачикеев Искандерді KAZAKHSTAN JIU JITSU INTERNATIONAL CHAMPIONSHIP халықаралық чемпионатындағы тамаша жетістігімен құттықтаймыз!
Ачикеев Искандер: «Қара және қоңыр белбеулер» санатында алтын медаль; Ne-Waza бөлімінде күміс медаль иеленді.
Бұл нәтиже – жоғары шеберліктің, табандылықтың және спортқа деген адалдықтың жарқын көрінісі.
Жаттықтырушымыздың жетістігін мақтан тұтамыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер, толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!