[Kaz] Новости

Астана күні Sana Sport-та ерекше көңіл күймен аталып өтті!

Астана күніне орай Sana Sport орталығында балаларға арналған «Sana Поле чудес» танымдық-ойыны ұйымдастырылды.

Қатысушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын барысында балалар көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қызықты кезеңдерден өтіп, белсенділік танытты.

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға Sana Sport-тың фирмалық мерчтері табысталып, арнайы сыйлықтар ойнатылды.

Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз! Еліміздің жүрегі – Астанамыз әрдайым өсіп-өркендеп, халқымызға бейбітшілік, бірлік пен жарқын болашақтың символы бола берсін!
2026-07-06 12:05