[Kaz] Новости

Жас шахматшыларымыздың кезекті жетістігі!

Шахматтан өткен біліктілік турнирінде Sana Sport тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетіп, орталығымыздың абыройын асқақтатты:
🥇 Қапар Қайырхан — І орын
🥉 Амир Мадияр — ІІІ орын

Бұл жетістіктер — табанды еңбектің, жүйелі дайындықтың және шахматқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Турнир барысында спортшыларымыз өздерінің білімін, стратегиялық ойлау қабілетін және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жас шахматшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!

Сонымен қатар, шәкірттерінің жетістігіне үлкен үлес қосқан жаттықтырушы Сланбек Альхановқа шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздің кәсібилігіңіз, еңбегіңіз бен қолдауыңыз балалардың жаңа белестерді бағындыруына жол ашуда.

Тәрбиеленушілеріміз бен олардың ұстазын мақтан тұтамыз!