ПРК бойынша волейболдан: Sana Sport қоржынына тағы бір жеңіс!
Sana Sport тәрбиеленушілері ПРК бойынша волейбол жарысында тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
Жарыс барысында спортшыларымыз жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерін дәлелдеді. Бұл жетістіктердің артында жаттықтырушылар Ахметов Курман, Мусаев Асхат және Алпамысова Алинаның қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі тұр.
Барша спортшыларымызды және олардың ата-аналарын осы жарқын жетістікпен құттықтаймыз! Сіздердің табандылықтарыңыз бен еңбектеріңіздің нәтижесі осындай биік белестерге жеткізуде.