[Kaz] Новости

Sana Sport-та Жазғы баскетбол лигасы өтуде!

17–21 тамыз аралығында Sana Sport-та 14–17 жас аралығындағы жас баскетболшыларға арналған Жазғы баскетбол лигасы өтуде.

Лигаға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан, сондай-ақ АҚШ-тан келген жас спортшылар қатысуда.

Қатысушылар қарқынды жаттығуларға қатысып, жеке шеберліктерін, қорғаныстағы дағдыларын жетілдіреді, физикалық көрсеткіштерін сынақтан өткізеді, лекцияларға қатысады және топтық кезең мен плей-офф ойындарында бақ сынайды.

Лиганың басты құндылығы — жаңа ойын тәжірибесін жинақтау, шеберлікті дамыту, өз мүмкіндігіңді көрсету және әртүрлі қалалар мен елдерден келген мықты спортшылармен тәжірибе алмасу.

Sana Sport — бірге дамып, бірге мықты боламыз!
2026-08-17 15:12