[Kaz] Новости

Merece Chess Cup жүлдегерлері!

Біздің тәрбиеленушілер Merece Chess Cup турнирінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үш санат бойынша жүлдегер атанды! Бұл — тұрақты жаттығу, зейін мен ойынға деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Собиров Рамзан — 2-орын
Амир Мадияр — 2-орын
Шыңғысұлы Азиз — 3-орын

Балаларымыз тамаша стратегия, сабырлылық және нағыз спорттық мінез көрсетті.

Шахматшыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз! Сіздермен мақтанамыз! Құтты болсын!
2026-04-25 13:23