Щучинск қаласында өткен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы таэквондодан Қазақстан чемпионатында спортшыларымыз тамаша нәтиже көрсетті!
Святослав Жевидьтің жетекшілігімен Sana Sport спортшылары орталығымыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
🥇 1 орын: • Алмат Мирас, 14 жас • Жұмаділдинов Ілхан, 9 жас • Талғаров Арлан, 14 жас
🥈 2 орын: • Сүгембаев Абдукарим, 7 жас • Гиниятов Рамис, 9 жас • Жалмишев Әлижан, 10 жас • Сұлтанов Омар, 9 жас
🥉 3 орын: • Соколов Ярослав • Касанов Сүлейман, 9 жас • Кухаренко Давид, 9 жас • Манарбек Аруана, 13 жас
Сонымен қатар Виолетта мен Ил Хан қызыл белбеуге сәтті емтихан тапсырды. Спортшыларымызды, жаттықтырушымызды және ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен жеңіске деген ұмтылыстарыңыз үлкен жетістіктерге жетелеуде. Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер көп болсын!