Sana Sport әйелдер құрамасы — ҚР біріншілігінің қола жүлдегерлері!
📍 Бурабай, 📅 2025 жылдың 16–21 маусымы
Sana Sport әйелдер құрамасы (2013–2014 ж.т. қыздар) Қазақстан Республикасының жеке клубтар арасындағы волейбол біріншілігінде қола жүлдеге ие болды! 🏐🥉 Турнир көрікті Бурабайда өтті.
💪 Қыздарымыз жоғары деңгейдегі дайындықтарын, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Жүлделі орындар үшін болған тартысты бәсекеде команда еліміздегі ең үздік үштікке сенімді түрде енді.
👨🏫 Жаттықтырушылар: – Ахметов Курман – Мусаев Асхат
Біз қыздарымыз бен жаттықтырушылар құрамымен мақтанамыз! Жеңістеріңіз құтты болсын! Республикалық және халықаралық ареналарда әлі талай табыстар тілейміз! 💫