[Kaz] Новости

Дзюдо жаттықтырушымызды құттықтаймыз!

Astana Judo Ligasy жарысында біздің дзюдо жаттықтырушымыз Оразбеков Алмат тамаша нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды.

Бұл жетістік – оның табанды еңбегі мен спортқа деген сүйіспеншілігінің жемісі. Алмат біздің тәрбиеленушілерге үлгі болып, тәртіп пен мақсатқа ұмтылыс әрқашан табысқа жеткізетінін дәлелдеді.

Алматты лайықты жеңісімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер мен биік шыңдар тілейміз!
2025-09-14 12:00