[Kaz] Новости

Sana Sport орталығына Ұлттық құраманың бас бапкері ресми сапармен келді

Бүгін «Sana Sport» спорт орталығына Қазақстан Республикасы футзалдан Ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Собрал Какау ресми сапармен келді.

Сапардың негізгі мақсаты — Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Амангелдиевичтің тікелей тапсырмасына сәйкес, еліміздегі футзал академияларымен тығыз байланыс орнату және тәжірибелік жаттығу сабақтарын өткізу болды.

Сапар барысында бас бапкер орталықтағы жаттығу үдерісімен танысып, жазғы ашық футзал алаңдарының және ішкі инфрақұрылым нысандарының жағдайын көріп, кәсіби бағасын берді. Сонымен қатар жас спортшылармен және жаттықтырушылар құрамымен пікір алмасып, құнды ұсыныстарын жеткізді.

Мұндай деңгейдегі маманның келуі — орталығымыз үшін үлкен мәртебе әрі даму жолындағы маңызды қадам. Бұл сапар болашақта бірлескен жобалар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз.

Осы ретте Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Амангелдиевичке және Қазақстан футбол федерациясына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Sana Sport — үлкен мақсаттарға нық қадам.