Sana Sport спортшылары Астана қаласының джиу-джитсу чемпионатында жүлделі орындарға ие болды
Sana Sport орталығының спортшылары джиу-джитсудан Астана қаласының чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Бұл жарыс Қазақстан чемпионатына іріктеу кезеңі болып табылады.
Біздің спортшылар жоғары дайындықтарын, табандылықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, орталық намысын абыроймен қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған спортшылар: 🥇 Макажанов Дамир — алтын медаль 🥇 Ильясова Айлана — алтын медаль 🥈 Күнәділ Адия — күміс медаль 🥉 Кенжебаев Даниал — қола медаль 🥉 Куандык Айдын — қола медаль
Спортшыларды және жаттықтырушы Ачикеев Искандерді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз.