[Kaz] Новости

Sana Sport жаттықтырушысы Амангелді Алимбаев Қытайдың Болэ (Шыңжаң) қаласында өткен 3x3 Суперлигасында Қазақстан намысын лайықты қорғады!

Турнирге 10 елдің командалары қатысып, біздің команда нағыз мінез, әдемі ойын және мықты жігер көрсетті.

Жарқын жеңістер:
Үрімші командасын — 21:12 есебімен жеңді
Шанхай командасын — 21:19 есебімен жеңді

Әсіресе Шанхайға қарсы ойын өте тартысты өтті — 17:19 есебінде команда жігер жинап, есепті теңестіріп, соңғы шешуші доппен жеңіске жетті!

Қысым мен қиын ойынға қарамастан, жігіттер табандылық пен нағыз спорттық рух көрсетті.

Команда жарысты 6-орынмен аяқтады — жартылай финалға шығуға сәл ғана жетпей қалды, дегенмен бұл өте мықты әрі лайықты нәтиже.

Сіздермен мақтанамыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз! Алда бұдан да үлкен жеңістер, жарқын ойындар мен биік жетістіктер көп болсын.
2026-05-15 16:48