[Kaz] Новости

Паралимпиадаға қатысушы Мейірбек Өтеповтен үстел теннисі бойынша шеберлік сабағы

Sana Sport орталығында ерекше шабыт сыйлаған шеберлік сабағы өтті — оны көрнекті спортшы, паралимпиада ойындарының қатысушысы Мейірбек Өтепов өткізді!

Қатысушылар тек техника мен тактика бойынша құнды кеңестер алып қана қоймай, мақсат, еңбек және ерік-жігер болса, ешқандай кедергінің жоқ екенін өз ісімен дәлелдеп жүрген адамнан нағыз мотивация алды.

Мейірбек өз өмір жолымен бөлісіп, жеке ұсыныстар берді және орталық оқушыларымен достық матчтар өткізді.

«Нағыз чемпион — бұл өзгелерді ғана емес, ең алдымен өзін жеңе алатын адам», — деді Мейірбек кездесу барысында.

Келгеніңіз, жігеріңіз және балаларымызға сыйлаған рухани күшіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

2025-08-03 10:00