[Kaz] Новости

Тәуелсіздік күні Sana Sport-пен бірге!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Сіздерге әрдайым бейбітшілік, бақыт пен қуаныш серік болып, армандарыңыз жарқын жеңістерге айналсын!

Мереке құрметіне Sana Sport-та мерекелік көңіл күйге толы қызықты күн өтті. Таңғы уақыт жаңа піскен бауырсақтың иісі мен домбыраның әуенімен басталып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар Тәуелсіздік күніне арналған Kahoot ойынына белсене қатысып, сондай-ақ бестемше ойынында тапқырлық пен командалық рухтарын көрсетті.

«Сана сағаты» балалардың белсенді қатысуын ерекше атап өткіміз келеді: олар ұйымдастыруға көмектесіп, ойындар мен сайыстарға қатысып, мерекелік атмосфера қалыптастырып, баршаға жағымды көңіл күй сыйлады!

Сонымен қатар, DAMU MALL СОО-да біздің әншілеріміз, бишілеріміз және домбырашыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.
Sana Sport — алға, жаңа қуанышты сәттер мен спорттық жеңістерге!