[Kaz] Новости

Sana Sport халықаралық Airom Cup турниріндегі ойынын аяқтады

Халықаралық Airom Cup турнирінің қорытындысы бойынша Sana Sport командасы 5-орынды иеленді.
Соңғы матчта біздің баскетболшылар Кутаиси-2 командасын 67:33 есебімен сенімді түрде жеңіп, турнирді 2 жеңіс және 2 жеңіліс нәтижесімен аяқтады.
Турнир қорытындысы бойынша команданың үздік ойыншысы атанған — Шомишбай Алдияр. Оның тұрақты әрі сенімді ойыны жалпы нәтижеге үлкен үлес қосты.
Енов Андрейдің жетекшілігімен команда халықаралық аренада орталығымыздың намысын лайықты қорғады. Көптеген ойыншылар үшін бұл алғашқы халықаралық тәжірибе болды және ол олардың спорттық дамуына маңызды қадам болды.
Турнирдің жүлделі орындарын Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан құрамалары иеленді.
Команда мен жаттықтырушыны лайықты нәтижемен құттықтаймыз. Алда — жаңа белестер мен үлкен жеңістер.
Sana Sport — үлкен жеңістерге апарар сенімді қадам.
2026-02-22 17:17