Sana Sport бишілері «SUPER STAR Fest» халықаралық фестивалінде
Sana Sport бишілері педагог Наренова Айжанның жетекшілігімен халықаралық «SUPER STAR Fest» байқау-фестиваліне қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша кіші топ Choreo Kids сахнада сәтті дебют жасап, 3 орынға ие болды. Олар жоғары дайындық деңгейін, артистизмін және сахнадағы сенімділігін көрсетті.
Ал үлкен топ Jazz Funk бағыты бойынша өнер көрсетіп, 2 орын иеленіп, жоғары кәсіби деңгейін, техникасын және сахналық шеберлігін дәлелдеді.
Бишілер мен педагогтарды керемет нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз.