[Kaz] Новости

Нугман Альдинаның алтын жеңісі!

Лагерь тәрбиеленушісі Нұғман Альдина өз жаттықтырушысы Оразбеков Алмат Маратұлының жетекшілігімен өткен спорттық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті.

  • 🥇 36 кг дейінгі салмақ дәрежесінде — 1 орын
  • 🥉 40 кг дейінгі салмақ дәрежесінде — 3 орын

Сонымен қатар, Альдина үздік техникасы үшін арнайы жүлдеге ие болды.

Бұл жеңіс — спортшы қыздың еңбекқорлығы мен бапкердің бағыт-бағдарының жемісі. Альдинаның жетістігі — өзге тәрбиеленушілерге үлгі және мотивация.

Ол дәлелдеді: еңбек, тәртіп және бапкердің қолдауы кез келген мақсатқа жеткізеді.

Балаларымыздың мұндай жетістіктері — баршамыздың қуанышы мен мақтанышы!