[Kaz] Новости

Sana Sport тәрбиеленушілері «KARAGANDA BJJ OPEN 2026» халықаралық джиу-джитсу чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Серік Сапиев атындағы Бокс орталығында әртүрлі елдер мен өңірлерден келген үздік спортшылардың басын қосқан жыл сайынғы халықаралық «KARAGANDA BJJ OPEN 2026» джиу-джитсу чемпионаты өтті.

Бапкер Ачикеев Искандердің жетекшілігімен Sana Sport спортшылары жоғары дайындық деңгейін, мықты мінез бен жеңіске деген жігерін көрсетіп, клуб намысын абыроймен қорғады.

🏆 Спортшыларымыздың нәтижелері:
🥇 Күнәділ Адия — ги: 1-орын, ноуги: 1-орын
🥈 Жұманов Жанабат — ги: 2-орын, ноуги: 2-орын
🥈🥉 Кенжебаев Даниал — ноуги: 2-орын, ги: 3-орын
🥈🥉 Айлана Ілиясова — ги: 2-орын, ноуги: 3-орын
🥈🥉 Смағұлов Рамзан — ноуги: 2-орын, ги: 3-орын
🥉 Бексұлтанова Аружан — ги: 3-орын
🥉 Бексұлтанова Зере — ги: 3-орын

Спортшыларымыз бен бапкеріміз Ачикеев Искандерді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!
2026-06-08 16:37