[Kaz] Новости

«Астана» ФК капитанымен шеберлік сабағы

Sana Sport-та жас футболшыларымыз үшін футзалдан «Астана» ФК капитаны Евгений Кошкинмен арнайы шеберлік сабағы өтті!

Жас спортшылар кәсіби спортшымен бірге ойнап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құнды кеңестер мен тәжірибелер алды.

Мұндай кездесулер балаларға өзіне сенуге, жаттығуға деген ынтасын арттыруға және үлкен жеңістерге ұмтылуға шабыт береді!

Жас спортшыларымызға көңіл бөліп, тәжірибесімен бөліскені және мотивация сыйлағаны үшін Евгений Кошкинге алғысымызды білдіреміз!
2026-08-18 13:25