Sana Sport орталығында ата-аналарға арналған түрік тағамдары бойынша мастер-класс өтті!
Жексенбі күні орталығымыздың ата-аналары үшін түрік шеф-аспазы Ақут бейдің қатысуымен ерекше атмосферада түрік таңғы асына арналған мастер-класс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ата-аналар бір-бірімен жақынырақ танысып, еркін және жылы ортада жұмыс жасап, өзара тәжірибе алмасты. Көңілді көңіл күйде өтіп, қатысушылар тек бақылап қана қоймай, өз қолдарымен түрік асханасының дәмді тағамдарын әзірледі.
Дайындалған тағамдардан дәм татып, барлығы керемет күн үшін Sana Sport орталығына алғыстарын білдірді.
Sana Sport орталығы тек балалардың дамуына емес, ата-аналар қауымымен де тығыз байланыс орнатуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және жылы қарым-қатынас қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады!